Ұлттар лигасы: Қазақстан мен Литва тең түсіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дәл қазір UEFA Ұлттар лигасындағы Қазақстан мен Литва құрамалары арасындағы кездесудің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бірінші кезеңде екі құрама да жиі шабуылға шықты. Нәтижесінде 38-минутта қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов есеп ашты. Ал 40-минутта оған литвалық Модестас Воробьевас бір голмен жауап қайырды. Есеп 1:1. Бірінші кезең осы есеппен аяқталды.
Бүгін Қазақстан құрамасы жеңіске жеткен жағдайда С лигасындағы орнын сақтап қалады. Төртінші орын алған құрама алдағы уақытта D лигасына төмендейді.
Естеріңізге сала кетелік, екі құрама С лигасы төртінші тобында сынға түседі. Олардан өзге Албания және Беларусь құрамалары бар. Соңғы екі құрама да дәл қазір ойын өткізіп жатыр. Бірінші кезеңнен кейін албаниялық футболшылар 3:1 есебімен жеңіп жатыр.
Бұдан бұрын Қазақстан құрамасы Албаниядан 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
- Қазақстандық спортшы конькимен жүгіруден әлем кубогі кезеңінде рекордын жаңартты
- Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі үшін қанша гонорар төленді
- Роман Креч конькимен жүгіруден «В» « тобында - үздік үштікте
- Конькимен жүгіруден әлем кубогі: Екатерина Айдова кіші алтын еншіледі
-
Аустралия ашық чемпионатын асыға күтудемін – Зарина Дияс
-
Танымал шаңғышы Бурабай маңында жол апатынан көз жұмды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам