Ұлттар лигасы 2020/21 жылғы кезеңінің ойын күнтізбесі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA ресми сайты Ұлттар лигасы 2020/21 жылғы кезеңінің ойын күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ұйым сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан С лигасының төртінші тобында сынға түседі. Қарсыластары - Албания, Беларусь және Литва құрамалары.

Ойындар 2020 жылдың қыркүйек және қараша айларының аралығында өткізіледі. Қазақстандық футболшылар алғашқы және соңғы кездесулерін де сырт алаңда ойнайды.

Қазақстан құрамасы 4 қыркүйекте сыртта Литвамен кездессе, 7 қыркүйекте өз алаңында Беларусьті қабылдайды. Ал 11 қазанда өз алаңында Албаниямен шеберлік байқасса, 15 қазанда Беларусь еліне аттанады. Сондай-ақ, 15 қарашада сыртта Албаниямен кездессе, 18 қарашада өз алаңында Литвамен шебердік байқасады.

Ұлттар лигасы ойындары биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. 2018/2019 жылғы кезеңде қазақстандық футболшылар Д лигасының бірінші тобында Грузия, Латвия және Андоррамен ойнады. Грузияны алға шығарып, аталған топта екінші орынды місе тұтты.

Соңғы жаңалықтар