Ұлттар арасындағы бірлік пен татулық - біздің басты мемлекеттік құндылығымыз

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттар арасындағы бірлік пен татулық - біздің басты мемлекеттік құндылығымыз. Бүгін Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ахмет Мұрадов осылай айтты.

«Қазақстан 1 мамыр мерекесін сақтап қалған мемлекет. Бұның да өзіндік ерекшелігі бар. Бұл бір шаңырақ астында тұрып жатқан басқа ұлттардың, басқа дін өкілдері мен этностардың татулығы мен бірлігін көрсетеді. Соның ішінде осы 1 мамыр күні біз әлемге Қазақстан барлық ұлтқа жайлы екенін паш етеміз», - деді Мәжіліс депутаты Ахмад Мұрадов.

Осы ретте Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілі вайнах-шешен ұлтының өкілдері Қазақстанға осыдан 70 жыл бұрын күштеп жер аударылғанына тоқтала отырып, Елбасы Н. Назарбаевтың сындарлы саясаты арқасында қазақ топырағы барша ұлт үшін киелі мекенге айналғанын, халықтар бірлігі ынтымаққа ұласып жатқанын атап өтті. «Ұлттар арасындағы бірлік - біздің басты мемлекеттік құндылығымыз. Біз осындай құндылықтың әр кез сақталуына мүдделі болып, сол бағытта жұмыс жасайтын боламыз», - деді А. Мұрадов.

Еске сала кетейік, бүгін Астанадағы Қазақ Елi монументi алдында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Ел Бiрлiгi күнi мерекесi өтуде.

Алаңның бас сахнасында 700-ден астам өнер мен шығармашылық ұжымдары өз өнерлерiн қала тұрғындары мен қонақтарға паш ететiн болады. Қазақстан халқының бiрлiгi күнi мерекесiне орай, сахнада "Құрақ көрпе" құрылымы суреттелiп, ондағы әр шығарма ел ынтымағының бiртұтастығына арқау етілмек.

Соңғы жаңалықтар