Ұлтаралық араздықты тудыратын ақпарат таратқаны үшін Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев қамалды - ІІД

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қоғам белсенділері Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар әлеуметтік желі арқылы ұлтаралық араздықты тудыратын ақпарат таратқаны үшін ұсталды.

Аталған дерек ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлімімен сотқа дейінгі бірыңғай тергеу ісі реестріне тіркелді.

Прокурорлық санкцияның пәрменімен аталған тұлғалардың үйінде тінту жүргізіліп, заттық айғақтар табылды.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар