Ұлтаралық алауыздық туғызатын 200-ден астам материал интернеттен өшірілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Интернет-ресурс аттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабындай айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заңнама талаптарының сақталуын бақылау аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі сепаратистік және ұлтаралық алауыздықты туғызатын сөздер мен жарияланымдарды анықтау және бұғаттау тұрғысында БАҚ, интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерге тұрақты негізде мониторинг жүргізуде. Анықталған фактілер бойынша интернет-ресурс иелерінің атына 231 ескерту хаты жіберілді, 11 ұйғарым шығарылды. Интернет-ресурстардың иелері 200-ден астам заңсыз материалды өз бетінше алып тастады», - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаттары сауалда ақпараттық қауіпсіздікті қатаң бақылап, яғни, әлеуметтік желілерге, келушілердің чаттарына контент сараптама (Facebook, Tik-Tok, Telegram, Instagram, Vkontakte және басқа) мен мониторинг жүргізуды ұсынған болатын.

Сонымен қатар ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін және мемлекетіміздің жер тұтастығына, тәуелсіздігімізге күмән келтіретін жазба авторларын ерекше қадағалауға алып, ондай іріткі салушыларды қатаң жауапкершілікке тартып, елден шұғыл аластау қажет деп санайтынын білдірген еді.


Соңғы жаңалықтар