Ұлт жоспарының 59-қадамын жүзеге асыру энергия үнемдеу саласына инвестор тартуға септігін тигізеді - М.Алтангерел

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлт жоспарының 59-қадамы іске асса, энергетика саласына инвесторларды тартып, энергия үнемдеуден түсетін тиімділікті арттыруға, шығын көлемін азайтуға, экологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік туады. Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасы тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел осылай деді.

«Ұлт жоспарындағы 59-қадам халықаралық дәрежеде мойындалған энергосервистік келісімдер механизмі (ЭСКО) арқылы энергия үнемдеу саласына инвестор тартуды көздейді. Энергосервистік келісім  энергия ресурстарын үнемдеу саласына инвестор тартудың қаржылық механизмі болып отыр. ЭСКО үнемделген энергия есебінен инвестицияны ақтауға мүмкіндік береді. 2010-2014 жылдары БҰҰДБ, ҚР Үкіметі ЭСКО тетігін барлық салаға енгізу бойынша жұмыс жасалды. Қарағандыда ғимараттардың жылуды пайдалануында ЭСКО тетігі сыналып көрді. Барлық құжаттар мен ұсыныстар ҚР Үкіметіне жіберілді», - деді ол.

ҚР Парламент мәжілісі 2014 жылдың соңында БҰҰДБ ұсынымдарына иек арта отырып энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру туралы ҚР заңын елдегі энергосервистік компаниялардың жұмысын реттеу туралы қосымша нормалармен толықтырды.

«59-қадам - ЭСКО-ны Қазақстанға енгізуді жүзеге асыру. Бұл қадам іске асса, энергетика саласына инвесторларды тартып, энергия үнемдеуден түсетін тиімділікті арттыруға, шығын көлемін азайтуға, экологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді. Энергосервистік компаниялар нарығының дамуы жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты әлеуметтік қолдауға сеп болар еді», - деді М.Алтангерел.

ҚР Үкіметі БҰҰДБ-ның тиімді мемлекеттік басқару саласындағы ұсынымдарын қабылдады.

Осы әріптестік аясында 2013 жылы мемлекеттік қызмет саласында аймақтық хаб құрылды.

Соңғы жаңалықтар