Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.80 EUR 429.27
RUB 5.78 CNY 54.89
Jańalyqtar

Ұлт жоспарында көзделген сот жүйесіне қатысты барлық жаңалықтар іске қосылды - Жүсіпбекова

2017 жылғы 31 қазан 05:59 10825
Бөлісіңіз:
Ұлт жоспарында көзделген сот жүйесіне қатысты барлық жаңалықтар іске қосылды - Жүсіпбекова

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы өзінің «100 нақты қадам»: Ұлт жоспарында тәуелсіз мемлекетіміздің әр саласында жүргізілетін маңызды реформалар туралы айқындады. Соның бірі сот саласына қатысты. Бүгінде Ұлт жоспарының «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» тармағында көрсетілген міндеттерге қатысты орындалып, заңдық құжаттар қабылданып, бірқатар жұмыстар атқарылды». Елбасының Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамы жайлы Қызылорда қаласы №2 кеңсе меңгерушісі М Жүсіпбекова өз ойын осылай айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлт жоспарында көзделген сот жүйесіне қатысты барлық жаңалықтар іске қосылды. Азаматтық процессуалдық кодекс қабылданды, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және сот төрелігі» Конституциялық заңына, Қылмыстық-процессуалдық кодекске және әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне ауқымды өзгерістер енгізілді. Ең қажетті және дер кезінде қабылданған жаңалықтың бірі - азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету мақсатында бес сатылы сот жүйесінің үшке дейін қысқаруы. Біз сот жүйесін дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, азаматтардың құқықтары қорғалатын, әділеттілікке қолжетімділік қамтамасыз етілетін, істің қысқа мерзімде сотта қаралуы талап етілетін халықаралық стандарттарға сәйкестендірілді», - деді ол.

Оның айтуынша, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңының талабына сай сот төрелігі Республикамыздың барлық аумақтарында түгелдей дерлік сапалы атқарылуда. Республика аумағында үш сатылы сот жүйесін енгізу - адамның, қоғамның және мемлекеттің заңды мүддесінің неғұрлым жедел, әрі сапалы қорғалуына оң әсерін тигізуде. Сондықтан сот сатыларының азаюы апелляциялық сатының ролін күшейтуге негіз берді. Қазіргі уақытта апелляциялық саты істерді үш судьядан тұратын алқа құрамымен қаралады.

Ұлт жоспарында судьяларға қойылатын талаптың қатаңдауы тиістігі айтылған. Судьялардың қызметі өте ауыр, кәсібилікті, өмірлік тәжірибені, жоғары моральдік қасиетті талап етеді. Оларды іріктеу аталған қасиеттерге сүйене отырып жүргізіледі. Оларды қызметке тағайындарда арнайы заңдық жоғары білімінен бөлек, кіршіксіз абыройы, сот саласына тікелей қатысы бар заң мамандығындағы еңбек өтілі болуы, жоғары білікті емтиханнан мүдірмей өтуі, негізгі жұмыстан босатылып, алдын ала сотта толыққанды тәжірибе арттыруы, психологиялық тестілеуден өтуі сұралады. Осының бәрі мемлекеттің және азаматтардың мүдделерін қорғайтын әділетті сот жүйесінің құрылуына әкеледі

«Сот саласында жүріп жатқан тағы бір маңызды жұмыстардың бірі - сот қызметінің ашықтығы мәселесі. «100 нақты қадам»: Ұлт жоспарында сот істерінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында сот отырыстарын дыбыс-бейне жазу арқылы өткізуге айрықша мән беріліп, қазіргі уақытта барлық сот отырыстары дыбыс-бейне жазу құралдарын қолданумен өтуде. Бұл өз кезегінде судьялар есептілігінің күшеюі, жұмыс істеп жүрген судьялардың біліктілігін мерзімдік бағалау, азаматтарға судьялардың әрекетіне қатысты Сот жюриіне шағымдану мүмкіндігінің берілуі, судьялардың кәсіби тәртібін нығайтуға, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсартуға және осылардың нәтижесінде тұрғындардың сот жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал етеді», - деп атап өтті Қызылорда қаласының №2 кеңсесінің меңгерушісі.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Судьялардың тәуелсіздігі - мақсат емес, олардың азаматтық және кәсіби парыздарын лайықты атқару құралы. Кімде-кім мұны түсінбесе судьяның мәртебелі атағын алып жүруге құқығы жоқ. Реформа жасағанда елімізде сот жүйесін, жалпы құқық қорғау жүйесін түземесек, көздеген мақсатымызға жете алмаймыз. Біздің азаматтар барлық мәселелерін сот жүйесінде шешуі керек» деп атап көрсетті», - деп қорытты ойын М. Жүсіпбекова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Елубай Әуезов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT