Ұлт жоспары халық игілігіне қызмет етуі керек - Н. Назарбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «100 нақты қадам» Ұлт жоспары халық игілігіне қызмет етуі керек. Бүгін Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» саяси партиясының кезектен тыс XVII съезінде партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Мен жақында өзімнің мақаламда Ұлт жоспарын жүзеге асыруды жан-жақты айтып өткен болатынмын. Бүгін де қайталаған артықтық етпейді. Ең бастысы барлық мемлекеттік қызметкер осыған жұмылуы керек. Сондықтан да, мен біздің атқарып жатқандарымыздың маңыздылығын халыққа барлық деңгейде түсіндіру керек деп санаймын. Барлығы халық игілігі үшін атқарылуда. Бұл атқарылып жатқанның барлығы Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына енуі үшін маңызды», - деді Н. Назарбаев.

Елбасының айтуынша, әлемнің оза дамыған 30 елі дегеннің өзі осы Ұйыммен байланысты. «Біз де ол елдердің қатарында болуға тиіспіз. Бес институттық реформада межеленген міндеттерді тиімді жүзеге асыру - бұл ХХІ ғасырдағы біздің дамуымыздың өзегі», - деді Н. Назарбаев.

Елбасының айтуынша, Ұлт жоспары тиімді жұмыс істеуі үшін арнайы құрылған жаңғырту жөніндегі комиссиядан бөлек, барлық мемлекеттік қызметтің осыған кірісуі керек. «Үкіметтен бастап ауылға дейін осыған жұмылғаны дұрыс», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар