Ұлт жоспары: Ақмола облысында жеке меншікке сатылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер анықталуда - А.Қадыралина

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Елбасы Н.Назарбаевтың Ұлт жоспарында айтылған ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу, Жер кодексіне және басқа да заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы міндеттерді жүзеге асыру Ақмола облысында да ойдағыдай жүзеге асырылуда.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне Ақмола облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Алмагүл Қадыралина айтып берді.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт жоспары «100 нақты қадам» - бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары.

Ұлт жоспарының 35-ші қадамында ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу, Жер кодексіне және басқа да заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы міндеттер айтылған болатын. Осыны жүзеге асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы жерлерді азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіне беру жөнінде ҚР Жер кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар 2016 жылдың 1 маусымында іске қосылатын болатын.

Басқарма басшысының айтуынша, аталған түзетулерге сәйкес Ақмола облысындағы бірқатар ауыл шаруашылығы мақсатыындағы жерлер де міндетті түрде аукцион арқылы жеке меншікке берілмек. Оған қоса, қазіргі кезде заңнама осыған дейін кадастрлық құнынан 50 пайыздық жеңілдікпен 10 жылға дейін бөліп төлеу бойынша жалға алған ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді сатып алуға мүмкіндік береді.

«Ақмола облысы аумағында ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлердің 10 миллион гектарын мемлекеттік емес жер пайдаланушылар жалға алған. Бүгінгі күні облыс бойынша жүргізілген талдау нәтижесіне сай кадастрлық бағалау құны 1,6 миллиард теңге тұратын ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді өз меншігіне сатып алуға ниетті жалға алушылар да бар.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың өткен кезеңінде облыстың бірқатар өңірлерінде 6,3 мың гектарға жуық ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлер 10 жылға бөлеп төлеу бойынша жеке меншікке сатылған.

Сол себепті Ұлт жоспары «100 нақты қадамда» айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін аудандар мен қалалардағы жергілікті атқарушы органдар ауыл шаруашылық мақсаттағы кадастрлық бағалау құны 458,3 миллион теңгеге жуық жалпы аумағы 42,5 мың гектар 117 жер учаскесі сатуға дайындалды.

Тәжірибе көрсеткендей кәсіпкерлер өз меншігіндегі мүлікке аса сақтықпен әрі үлкен жауапкершілікпен қарайды. Сондықтан, жер аумағы жағынан әлемде 9 орында тұрған еліміз үшін пайдаланылмайтын жатқан ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді оның қадірін білетін іскер адамдарға сату маңызды. Бұдан бюджет қалатасы қампиып, тауар-ақша айналымы арта түседі. Әрі ол жерлер жәй жатпай халықтың игілігі үшін пайдаланылатын болады», - дейді А.Қадыралина.

Соңғы жаңалықтар