28.02.2022 12:53 2021 жылы мемлекеттік балансқа 28 кен орны қойылды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылы алғаш рет мемлекеттік балансқа 28 кен орны қойылды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Талғат Момышев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.12.2021 18:40 Асқар Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.
16.12.2021 15:51 Тәуелсіздік жылдарында елдің транзиттік әлеуетінде қандай өзгерістер болды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тәуелсіздік жылдарында еліміздің көлік саласында елеулі өзгерістер болғаны анық. Осы жылдарда Қазақстанды өңірлік логистикалық хабқа айналдыру, транзиттік әлеуеті дамыған елдің қатарына жеткізу стратегиялық шешіміне екпін қойылды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында көлік логистикасы жүйесінің тиімділігін арттыруды және елдің транзиттік әлеуетін одан әрі дамытуды тапсырды. Бүгінде 400 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған елдің көлік саласы экономиканың серпінді дамуының драйверлерінің бірі болып отыр.
20.10.2021 11:32 Қазақстанда 20 жыл ішінде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі белсенді шаралардың арқасында 2001-2020 жылдар кезеңінде Қазақстанда кедейлік деңгейі, яғни табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 46,7%-дан 5,3%-ға дейін төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
28.08.2021 10:49 Алматылық 40 мың бала спорт секцияларына тегін қатыса алады АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық 40 мың бала мен жасөспірім спорт секцияларына тегін қатыса алады. Бұл туралы қалалық Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсеитов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.03.2021 18:15 Үкіметте «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру барысы қаралды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.
28.12.2020 15:18 Болат Төкежанов: Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі - медицинадағы экономикалық реформа НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Адамзатқа ауыр сынақ болып келген індет осы жылы халыққа көптеген күтпеген қиындықтар алып келді. Денсаулық сақтау саласы мен әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі дерт дендеген кезде сыналды, шыңдалды. Отандық медицинаға үлкен өзгеріс жасалған жүйенің халыққа қызмет көрсете бастағанына да бір жылға жуық уақыт болыпты. Осыған орай жыл қорытындысы мен жалпы осы жүйе туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежановты сұхбатқа тартқан едік.
01.10.2020 17:54 Министрлер «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру барысын баяндады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен және ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен өткен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның селекторлық отырысында «Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Жолдауын орындау барысы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
20.08.2020 15:11 Асқар Мамин экономиканы дамытуға қатысты ұсыныстарды талқылады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Елбасының «Ел үміті» бастамасы аясында іске асырылып жатқан және «100 нақты қадам» ұлт жоспарын сапалы орындауға бағытталған Өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасының қатысушыларымен кеңес өтті. Шараға Президенттің көмекшісі–ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешев және 300-ге жуық маман– менторлар мен өзгеріс менеджерлерінің командалары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
12.07.2020 17:27 Коронавируспен күресте халықтың мемлекетке сенім деңгейін талдау қажет – сарапшы НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықтың мемлекетке деген сенімін арттыру міндеті COVID-19-ға қарсы күрес стратегиясының бір бөлшегіне айналуы қажет. Бұл пікірді ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Сабина Сәдиева білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.05.2020 17:23 230 үздік маман Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Елбасының «Ел үміті» бастамасы аясында жүзеге асырылып жатқан және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын сапалы орындауға бағытталған Өзгерістерді басқару жөніндегі cалалық менеджерлерді даярлау бағдарламасының Басқарушы комитетінің отырысы өтті, деп жазады primeminister.kz.
12.03.2020 16:52 Асқар Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен және ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен өткен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысында «Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» ұлт жоспары мен ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын (ЖҰЖ) орындау барысы қаралды. Бұл туралы Үкімет басшысының ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
17.01.2020 13:19 Бірқатар екінші деңгейлі банктердің ақпараттық жүйелерімен біріктіру жүргізілді - Алмат Мадалиев НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінде сот орындаушылары борышкердің мүлкі туралы ақпаратты мемлекеттік органдардың 52 базасынан алады. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алмат Мадалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.12.2019 22:45 Үкімет «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырудың аралық қорытындыларын қарады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырудың аралық қорытындыларын қарады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
19.12.2019 09:39 Асхат Аймағамбетов ғылыми негізге дайындалған жаңа бағдарламаны таныстырды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2025 жылға дейін Қазақстанда білім мен ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Аталған құжатты бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.11.2019 14:22 Біржан Нұрымбетов: Кез келген құрылысты бастарда мүгедектерге жайлы болуын ескеру керек НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов кез келген ғимараттың құрылысын бастарда ең алдымен оның мүгедек жандарға жайлылығын ескеру керектігін айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.10.2019 16:00 Ерлан Қарин Ұлттық кеңес туралы Youtube-канал ашты НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Ұлттық кеңестің жұмысы туралы ақпарат беріп отыратын Youtube-канал ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
18.10.2019 17:42 Мамин Елбасына Nur Otan-ның Сайлауалды бағдарламасының орындалу барысын баяндады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және «Nur Otan» партиясының парламент фракциясының депутаттарына аталған партияның «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» Сайлауалды бағдарламасын орындаудың аралық қорытындылары туралы баяндады.
18.10.2019 16:14 Нұрсұлтан Назарбаев: Үкімет пен «Nur Otan» фракциясы азаматтардың проблемаларын бірлесіп шешуі керек НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет, «Nur Otan» партиясы және Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының мүшелерімен жиналыс өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
18.10.2019 16:06 Нұрлан Нығматулин: Ұлт жоспарының орындалуы Nur Otan фракциясының бақылауында НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс Төрағасы, Nur Otan партиясы фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулин Қазақстанның Тұңғыш Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа партия мен мемлекеттің негізгі бағдарламаларын жүзеге асырудағы парламенттік фракцияның жұмысы туралы баяндады.