Ұлт мүддесіне бірлесіп жұмыс істесек талай жеңіске жетеміз - Жеңіс Сейдуллаұлы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы ұсынған бағытта бірлесіп жұмыс істесек, еліміз әлі талай жеңістердің биік тұғырынан көрінеді. Мұндай пікірді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Жеңіс Сейдуллаұлы білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері, алдағы бағындырар белестері туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының мақаласы бәрімізге терең ой қалдырды. Меніңше, әрбір көзі ашық, көкірегі ояу саналы азамат бұл мақаланы оқып шығуы керек. Бұл көлемді мақалада Президент халқымыз үшін маңызды құндылықтарға баса мән берді. Мемлекет басшысының «Егемендігіміздің мәңгілік үштағаны – Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейін кең көсілген байтақ жеріміз, ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған қастерлі тіліміз және барлық қиындықтардан халқымызды сүріндірмей алып келе жатқан береке-бірлігіміз. Біз осы үш құндылықты көздің қарашығындай сақтаймыз», деген сөзінде-ақ терең саяси-философиялық мағына бар», - дейді ол.

Оның пайымынша, ел арасында үлкен серпіліс туғызған мақаладағы кемел ойларды барынша дәріптеп, ой-санамызға берік орнықтыру – бүгінгі таңда біз үшін басты міндет.

«Ұлы дала елінің болашағы үшін маңызы зор «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақала әрбір қазақстандықтың рухани сана-сезіміне игі ықпалын тигізері анық. Ұлт мүддесі үшін Мемлекет басшысы ұсынған бағытта бірлесіп жұмыс істесек, еліміз әлі талай жеңістердің биік тұғырынан көрінетініне кәміл сенемін», - деді Жеңіс Сейдуллаұлы.


Соңғы жаңалықтар