«Үлкен жетілік» елдері маусымда Ресейге қатысты санкцияларын ұзартады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Үлкен жетілік» елдері Ресейге қатысты санкцияларын ұзартуға келісті. Бұл туралы Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

«Үлкен жетілік» маусым айында Ресей бойынша санкцияларды ұзарту қажеттілігімен келісті», -деді Кэмерон Жапонияда G7 саммитінің қорытындылары бойынша өткен баспасөз мәслихатында.

Британдық саясаткер шектеулер Минск келісушіліктерінің толық орындалуына дейін сақталатынын атап өтті.

Бұған дейін «Үлкен жетілік» саммитінің қатысушылары бірлескен декларацияны жариялады. Онда қажеттілік туындаған жағдайда Мәскеуге қатысты жаңа санкцияларды енгізу туралы айтылған.

Бұл ретте G7 көшбасшылары украиналық дағдарысты реттеу үшін Мәскеумен диалогтың маңыздылығын атап өтті.

Ресейге қатысты енгізілген санкциялардың мерзімі 31 шілдеде аяқталады. Қолданылған шараларды ұзарту мәселесін ЕО елдері 28-29 маусым күндері өтетін саммитте талқылайды. Бұл ретте бірқатар еуропалық мемлекеттер шеутеулерді жұмсартуды талап етуге дайын.

Соңғы жаңалықтар