Үлкен және Кіші Алматы өзендерінде қар көшкіні жүру қаупі сақталады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 29-31 наурыз күндері Үлкен және Кіші Алматы өзендерінде қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометтің» дауылды ескертуі негізінде 29-31 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні жүруі мүмкін екенін хабарлады.

Осыған орай ведомство тұрғындарды қар басқан беткейлерге шықпауға, мүмкіндік болса тауға бармауға шақырды.

«Егер тауда көмек қажет болған жағдайда, 112, 109 немесе 8 (727) 372 -15-60 ( «ҚР ТЖМ Республикалық жедел құтқару жасағы» ММ кезекші-диспетчерлік бөлімшесі) қызметтеріне қоңырау шалыңыз», - деп хабарлады ТЖД-да.

Еске салайық, Алматыда қар көшкіні жүру қаупіне байланысты тау курортының бірі жабылған болатын


Соңғы жаңалықтар