+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Үлкен теннистен Федерация кубогы: Қазақстан Белгияға бір ұпай беріп қойды

2020 жылғы 8 ақпан 00:06
Бөлісіңіз:
Үлкен теннистен Федерация кубогы: Қазақстан Белгияға бір ұпай беріп қойды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кортрейк қаласында үлкен теннистен Федерация кубогының іріктеу кезеңінде Қазақстан мен Бельгия матчы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Кортқа алғашқы болып дүниежүзілік рейтингте 63-орында тұрған Зарина Дияс пен әлемнің 19-ракеткасы Элизе Мертенс шықты.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші қарсыласын ойсырата ұтты – 6:1.

Есесіне екінші сетте бельгиялық спортшы брейкпен алға шықты – 4:1. Заринаның қателіктерін шебер пайдаланған Э.Мертенс тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.

Үшінші, шешуші партия бастапқыда әлдеқайда тартысты өрбіді. Бірақ есеп 2:1 болған мезетте бельгиялық теннисші брейк жасап кетті. Тағы бір брейк – 5:1. Ақыры ол матчты эйспен бітірді – 6:1.

Бәсеке 1 сағат 43 минутқа созылды.

Осылайша Бельгия құрамасы 1:0 есебімен алға шықты.

Екінші кездесуде әлемнің 34-ракеткасы Юлия Путинцева рейтингте 115-сатыдағы Исалин Бонавантюрмен шеберлік байқасады. Егер Юлия ұтса, есеп теңеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Федерация кубогы күшін Қазақстан – Бельгия матчының жеребесі тартылғанын, Александр Бубликтің Монпелье турнирінің ширек финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT