Үлкен теннистен АТР Almaty Challenger турнирінің жеңімпаздары анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда үлкен теннистен ATP Almaty Challenger xалықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ақпараттық және спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.

Жарыс 11-16 маусым аралығында өтті.

Нәтижесінде, жұптық разрядта Германияның спортшылары Кевин Кравц пен Андрес Миес финалдық кездесуде Лауринас Григелис (Латвия) пен Владислав Манафов (Украина) құрған жұпты 6:2, 7:6 есебімен ұтты.


Ал жеке разряд бойынша австриялық Юрий Родионов серб Педия Кристинді финалда 7:5, 6:2 есебімен ұтып, бірінші орынға ие болды.

Айта кету керек, Almaty Challenger алып шаhарда осымен екінші рет ұйымдастырылды. Алғаш рет былтыр күз айында әлемнің әр елінен келген үздік спортшылардын қатысуымен өткен. Осы жолы олардын қатары тағы бірнеше мықты ракеткамен толыққан. Ол туралы жаңадан ашылған «Эйс» теннис орталығының директоры әрі Қазақстан теннис Федерациясының өкілі Андрей Квасов мәлімдеді. 


«Бұл жолы турнирді күн жылыда өткізуді жөн көрдік. Барлығы да жақсы өтті. Ауа райы да тамаша болды. Енді келесі шілде айында әйелдер арасында осы жерде Almaty Woman's турнирі болады, артынша «Эйс» теннис орталығында осы серияның келесі жарысы өтеді», - деді ол.

Айта кетейік, Almaty Challenger турнирінде қазақстандық спортшылар жақсы өнер көрсеткенмен, 1/4 финалынан аса алмады. Турнирдің жалпы жүлде қоры 50 мың долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар