Үлкен сауда орталықтарын салуды ынталандыру қажет – Үкімет басшысы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Сауда және интерграция министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде әлеуметтік маңызы бар тауар сататын ірі орталықтардың құрылысын ынталандыруды тапсырды. Оный пайымынша, аталған нысандардың көп болуы бағаны реттеу жұмыстарын жеңілдетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Базарларды жаңарту және сауданың өркениетті форматтарына қатысты айтсақ, біз бұл бастаманы толығымен қолдаймыз. Бұл өте дұрыс ұстаным. Біз өткен жылы инфляцияны тежеумен айналысқан кезде өркениетті нарықпен сөйлесу, соның ішінде бағаны төмендету немесе маржа мөлшерін ұстап тұру әлдеқайда жеңіл және табысты екенін көрдік. Біз бұл салада да өркениетті стандарттарға ұмтылуымыз керек. Көрші елдердегідей өркениетті форматтағы сауданың үлесін 70-тен 80% -ға дейін жеткізуіміз керек. Қалаларда, моноқалаларда, облыс орталықтарында ауданы 2000-нан 3000 шаршы метрге дейін жететін өркениетті сауда алаңдарын салуды ынталандыру қажет екенін көріп отырмыз», - деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы бұл бүкіл сауданы осы жолға түсіру қажет деген сөз емес екенін ескертті.

«Біз қолдау шараларына тек сауда орталықтарының құрылысын қосамыз. Бәлкім үлкен сауда алаңдарының құрылысын ынталандыру туралы әріптестерімізбен кеңесетін шығармыз. Себебі өнімдердің кең таңдауы болған кезде сауда маржасын салыстырмалы түрде төмен деңгейде ұстауға мүмкіндік болады. Бұл тұтыну тауарлары бағасының өсуін тежеу тұрғысынан өте маңызды», - деді Әлихан Смайылов.

Соңғы жаңалықтар