Үлкен қалаларда электромобильді көптеп жүргізу керек - Нұрсұлтан Назарбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ауаның ластануына қатысты пікір білдірді. Осы орайда Мемлекет басшысы үлкен қалалардың экологиясын жақсарту үшін электромобильдерді көптеп жүргізу қажеттігін жеткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президенттің айтуынша, Алматы сияқты үлкен қалаларда көлік құралдары ауаны қатты ластайды. Бүгінде осы мәселеге ерекше көңіл бөлініп келеді. «Осыған байланысты республика бойынша 3 040 жаңа қоғамдық көлік құрастырылды. Соның жартысы газбен жүреді. Жақында мен Қостанайда болдым. Ол жақта біз отандық электромобильдерді құрастыра бастадық. Міне, дәл осы көліктермен ауасы ластанып жатқан қалаларды қамтамасыз ету керек. Біріншіден, ол - Алматы. Себебі ол жерде xалық та, көлік те көп», - деді Н.Назарбаев отандық БАҚ өкілдеріне берген сұxбатында.

Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, 1998 жылға дейін Қазақстанда 700 мың көлік болған. Қазір автомобиль мінетін қазақстандықтардың саны 5 млн-ға жетті. «Осы көліктер қоршаған ортаны ластап жатыр. Сол себепті метро, жеңіл рельсті көлік қатынасы, қоғамдық көліктер, бензинге қойылатын талаптар және тағысын тағы - бұның барлығы экологияны сақтау жолындағы шаралар», - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

Айта кетейік, өз сұxбатында Мемлекет басшысы бюджет ақшасын банктерге не үшін беріліп жатқанын да түсіндірді. Бұдан бөлек, «ЭКСПО-ға жұмсалған ақша ақтала ма?» деген сұраққа жауап берді. Нұрсұлтан Назарбаев қалталы азаматтарды оралмандарға көмек беруге үндеді. 

Соңғы жаңалықтар