Үлкен электоралды циклдің бірінші кезеңі сәтті аяқталды – Ерлан Қарин

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сайлау қоғам мен билікте ел дамуының келешегіне бірыңғай түсінік бар екендігін қуаттады. Мұндай пікірді ҚР Мемлкеттік кеңесшісі Ерлан Қарин білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен президент сайлауы осы жыл бойы нығая түскен қоғамдық шоғырлану тұрғысында елдің дамуы үшін зор маңызға ие. Маусым референдумында қазақстандықтардың 77 пайыздан астамының конституциялық реформаны мақұлдауы іс басындағы билікті азаматтардың қолдауын көрсетті. Дауыс беру қорытындысында 80 пайыздан астам дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді жеңісі биліктің жүзеге асырып жатқан, сонымен қатар болашаққа жоспарлап отырған іс-әрекетін азаматтардың қолдайтынының жарқын көрінісі», - деп жазды Мемлекеттік кеңесші Тelegram-да.

Оның атап өтуінше, егер референдум қоғамның шоғырлануының жаңа деңгейге көтерілуін көрсетсе, президенттік сайлау азаматтардың нығаюына сапалы, тың мазмұнды сипат берді.

«Сайлау бүгінде қоғам мен билікте ел дамуының келешегіне бірыңғай түсінік бар екендігін қуаттады. Жалпы, үлкен электоралды циклдің бірінші кезеңі сәтті аяқталды деуге болады. Келесі кезек – парламенттік және мәслихаттар сайлауы. Қорытындысында, қоғам биліктің шоғырлауын нығайтып, мемлекеттік институттардың тұрақты жүйесін қалыптастырып, еліміз әлемдік құбылмалықтың күрделі жағдайында қажетті нық әрі тұрақты қор жинақтайды», - деді Ерлан Қарин.

Фото: akorda.kz
Соңғы жаңалықтар