+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Үлкен Алматы жағалауы абаттандырылады

2021 жылғы 27 қазан 21:03
Бөлісіңіз:
Үлкен Алматы жағалауы абаттандырылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Үлкен Алматы жағалауын реконструкциялау жұмысын келесі жылы басталады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда 10 мыңнан астам жасөспірім Pfizer вакцинасын алды Алматыға биыл 54 мыңнан астам шетелдік турист келген Алматының Іскерлік кеңесі әлеуметтік жобаларға 7 сыйлық тағайындады

«Селден қорғау бөгетінен әл-Фараби даңғылына дейін және одан әрі Абай даңғылына дейін Үлкен Алматы өзенінің су қорғау белдеуі мен арнасын реконструкциялауды алдағы жылға жоспарлап отырмыз»,- деді Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы тікелей эфир барысында.

Жалпы 2 жыл ішінде 84 нысан абаттандырылды. Былтыр «Қарасу» шағын ауданда жаңа рекреациялық аймақтың құрылысы жүргізілді. «Желтоқсан», «Дружба» саябақтары, «Жетісу-3» шағын ауданындағы сквер, «Южный» саябағы абаттандырылды. 2021 жылы «Маяк» тоғайы, «Көкмайса» шағын аудандағы Есентай өзенінің жағалауы, Таулы қырат шағын ауданындағы учаске абаттандырылды, Ә.Қастеев музейі алдындағы фонтан, Абай атындағы опера және балет театры маңындағы сквер, Терренкур және Жарбұлақ, Тіксай өзендерінің арналары абаттандырылды.

Алдағы уақытта К. Байсейітова көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер (Жамбыл көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін) аймағын, Қазақ-Британ техникалық университетінің саябағын абаттандыру және көгалдандыру көзделген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT