Үлкен Алматы өзенінде көлігін жуған жүргізушіге айыппұл салынды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Үлкен Алматы өзенінде жол талғамайтын көлігін жуған жүргізушіге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалық Полициясы департаментінің хабарлауынша, Үлкен Алматы өзеніне қарай бет алған «Range Rover» көлігінің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.
«Көлік жүргізушісі дереу анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ол 1985 жылы тулған Б. есімді азамат. Бұл оқиға 30 шілде күні болған. Ол өзінің көлігінің дөңгелектерін жуу үшін өзенге барғанын түсіндірді. Кінәсін толық мойындады. ҚР ҚК 434-2-бабына сәйкес құқық бұзушы қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылып, 5 АЕК (13 мың 890 теңге) көлемінде айыппұл салынды», - деді Алматы қаласының жергілікті полиция басқармасының бастығы Манап Саттаров.
- Биыл 5,8 мың шақырым жол ақылы болады
- Түркістан-Шымкент-Ташкент жоғары жылдамдықты темір жол магистралі салынады
- Алматыда автобус қаққан әйел оқиға орнында мерт болды
- Батыс Қазақстанда бақташы 36 дана киік мүйізімен ұсталды
-
Ақтөбеде түн жарымында көше кезген 222 жасөспірім полицияға жеткізілді
-
Шетелдік әйел Атырау тұрғынынан ақша талап етіп, видеоңды интернетке саламын деп қорқытқан
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам