Үлкен Алматы көлінің суы неге тартылып барады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тұрғындары мен қонақтары Үлкен Алматы көлінің суы тартылып бара жатқанына алаңдаулы. 

Табиғаттың тосын құбылысын ҚР АШМ трансшекаралық өзендер департаменті директоры Игорь Коваль ҚазАқпарат тілшісіне түсіндірді.

«Проблема бар. Бұл тау жүйесінің жалпы проблемасы. Соңғы 30-40 жылда дүниежүзінің барлық тау жүйелерінде мұздықтар қоры 30%-ға азайған. Бұл мәселе Іле Алатауы мен Талғар тауына да жетті. Бұл - обьективті фактор. Себебі, бізде мұздықтар ұзақ жылдар бойы зерттеліп келеді», - дейді Игорь Коваль.

Айта кету керек, осының алдында Алматы маңындағы хостел иелері мен қалалық Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының мамандары Үлкен Алматы көлінің туристерге қолжетімділігін талқылаған болатын.

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар