Үлкен Алматы көліне барар жолда көлік апатынан бір адам қаза тапты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Үлкен Алматы көліне барар жолда көлік апатынан бір адам қаза тауып, екінші адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол апаты Алмаарасан шатқалында Үлкен айналма жолдың бойында болды. Volkswagen Golf III маркалы автокөлік солтүстік бағытқа кетіп бара жатқан. Алайда белгісіз себеппен жүргізуші рульге ие бола алмай жолдан ұшып кеткен.

Апат салдарынан бір жолаушы жедел жәрдем келіп үлгергенше көз жұмды. Ал жүргізуші ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Жол апатының себеп-салдарын полиция анықтауға кірісті.

Автор: Майя Теңізбаева

nullnullnull

 

Соңғы жаңалықтар