Үлкен Алматы көлінде сырғанап, танымал болған Ксения Панкратова Қапшағайда видео түсірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Үлкен Алматы көлінде мәнерлеп сырғанап, танымал болған Ксения Панкратова Қапшағайдың мұз айдынында сырғанап, видео түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл видео оның Іnstagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

«Мұз мөлдір болады деп үміттендік. Алайда ондай болмаса да көпшілікті дүр сілкіндіретін бейнетүсірілім болды деп ойлаймын! Сіздердің ыстық ықыластарыңыз керек, әйтпесе тоңып қалдық», - деді ол.

Айта кету керек, 2018 жылы желтоқсанда спортшы, бапкер Ксения Панкратова Үлкен Алматы көлінде мәнерлеп сырғанап, ол көпшіліктің көңілінен шыққан еді.

Бұл роликті аз күнде миллион адам қарап үлгерді.

23 жастағы спорт шеберіне кандидат, фигурист Ксения Панкратова спорттағы мансабын аяқтағанын айтты. Қазір ол бапкерлікпен айналысады екен.


Соңғы жаңалықтар