Үлкен Алматы көлінде сырғанаған қыз: видео америкалық шоуда көрсетілуі мүмкін

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Үлкен Алматы көлінде мәнерлеп сырғанаған алматылық бойжеткен Ксения Панкратова өзінің кенеттен танымал болып кеткеніне әлі де сене алар емес. Бұл туралы 21 жастағы кәсіби спортшы, мәнерлеп сырғанаушы ҚазАқпарат тілшісіне айтты.

Желіде 1 миллионнан астам адам тамашалаған видеода 21 жастағы спорт шеберіне кандидат, фигурист Ксения Панкратова мұз үстінде конькимен сырғанап жүр. Бойжеткен спорттағы мансабын аяқтағанын айтты. Қазір ол бапкерлікпен айналысады екен.

Ксения демалыс күні түсірілген бейнеролик тұрғындар арасында шу туғызады деп мүлде ойламаған. 24 қараша күні құрбылар Алмаарасан шатқалына демалуға барған. Қыздар Үлкен Алматы көлінде адам көп жиналғанын байқап, сол жаққа қарай бет алады.

«Біз барғанда күзет жоқ болатын. Жоғарыдан қарап тұрғанда конькиі бар адамдардың сырғанап жүргенін байқадым. Адамдар көлдің бетінде жайбарақат қыдырып жүрді. «Көлге баруға рұқсат бар ма?» деп сұрағанымызда, біреулер қыста ғана болатынын айтты. Көлге баруға болмайды деген менің ойыма кіріп-шыққан жоқ. Мен коньки киіп, шетімен жүріп көрдім. Мұздың қалыңдығын шамамен байқадым. Егер оған көзім жетпесе, сырғанамас едім», - дейді Ксения.Роликом девушки на БАО заинтересовались на американском шоу

Қыздар мұз үстінде сырғанап, суретке, видеоға түскен. Келесі күні Ксения видеоны монтаждап, әлеуметтік желіге салған.

«Менің видеом неге сонша наразылық туғызғанын түсінбеймін. Мен тек Алатаудың сұлулығын көрсеткім келді. Үлкен Алматы көлінің айналасында қоқыс өте көп. Неге оған ешкім мән бермейді? Мен сенбілік кезінде адамдар тастап кеткен қоқысты жинағанмын. Арақ ішіп, темекі тартып, темекі тұқылын көлге тастап кетпедім. Үлкен Алматы көлі 5 жыл бұрын ғана шекаралық аймақ мәртебесін алды. Бұрын адамдар көлге шомылып та тұратын. Бірақ оған ешкім ештеңе айтпады. Әлеуметтік желі арқылы геолокация орнын тексерсе, менікі сияқты мыңдаған сурет шығады», - дейді Ксения.

Әлеуметтік желі қолданушыларының көпшілігі бойжеткеннің биі мен сырғанау мәнеріне таң қалысты. Кейбіреулер бұл видеоны Канада көлдерінде, Сібірдегі Байкалда түсірілген деп топшылаған. Ал қолданушылардың кейбірі бұл видеоны заңға қайшы деп тапты.

«Үлкен Алматы көлі қаланың ауыз су резервуары болып табылады. Бұл қыз қалайша соны таптап, үстінде жүр? Шекара қызметкерлері, қарауылдар қайда? Біз енді осы суды ішеміз бе?», -  деген ашулы пікірлер қалдырды.

«Адамдар бұл көлден суды тікелей алмайды. Ол жерде аң да, құс та бар. Неше түрлі жәндіктер бар. Су қалаға жетпес бұрын бірнеше тазалау сатысынан өтеді», - деді Ксения Панкратова.

Бойжеткен мұндай жолмен танымал болуды мақсат етпегенін айтты.Роликом девушки на БАО заинтересовались на американском шоу

«Егер мені біреу хайп үшін жүр деп ойласа, қателеседі. Мен парақшамды жауып тастадым. Осы видеоны тамашалаған көптеген шетел азаматтары маған хабарласты. Олар Қазақстанға келгілері келетінін айтты. Бұл ролик Қазақстанды шетелге танытуға септігін тигізеді деп сенемін», - деді ол.

Ксенияға Америкадан адамдар хат жазған. Олар Ксенияның перфомансын америкалық шоуда көрсетуге рұқсат сұраған.

«Олардың парақшаларында күн сайын бұл шоуды 2 млн адам қарайды. Олар менің видеомды әлеуметтік желіге салмақ. Бұл ролик туризмді дамытуға ықпал етеді деп ойлаймын», - деді фигурист.

Айта кету керек, вирусты бейнеролик әлеуметтік желіде тарап кетті. Бұл бейнероликті 2 апта ішінде 1 миллион адам тамашалаған.

Іле Алатау паркінің басшылығы бойжеткенге рұқсат бермеген.

«Негізі, Үлкен Алматы көліне түсуге тиіс рұқсат етілмейді. Қазір біз құзырлы органдармен бұл әрекетке қандай шара қолдану керектігін ақылдасып жатырмыз. Туристерге тыйым салынған және рұқсат етілген әрекеттерді түсіндіру жұмыстарын жүргізетін боламыз»,- деді Ұлттық парк өкілдері.

 

Соңғы жаңалықтар