Үлкен Алматы көлінде сырғанаған қыз Ресейде шоу бағдарламаға қатысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Үлкен Алматы көлінде сырғанап, көпшілікке танылған алматылық бойжеткен Ксения Панкратова Ресейдің «Первый канал» арнасындағы бағдарламада қонақта болды.

Мәнерлеп сырғанаушы өзінің Ресейге сапары жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

Миллионнан аса адам тамашалаған видеоны Александр Смол жүргізетін «Видели видео?» бағдарламасы сюжетке лайық деп тапты.

null Бағдарлама қонақтары да сұхбат үстінде бойжеткеннің таланты мен Қазақстанның табиғатына тамсанумен болды.

«Видеоға қарап не айтуға болады? Әртістік - 10, техника - 10, 1 миллион адам қараған», - деді видеоны тамашалаған соң жүргізуші.null

Спортшының қабілетін Ресей коньки спортының еңбек сіңірген спорт шебері Александр Кибалко бағалады.null

«Бізде мұндай мұз айдыны болады. Бірақ ол шатырдың үстінде болады. Бұл жерде мынадай мұзды пайдаланбау мүмкін емес. Керемет видео! Осы спортты насихаттап жатқаныңызға алғыс айтамын», - деді ресей конькишісі.null

Шоуда Ксения Үлкен Алматы көліндегі өнері қандай шу туғызғанын айтып берді.null

«Үлкен Алматы көлі - Алматының жауһарларының бірі. Көл теңіз деңгейінен 2500 метр биіктікте орналасқан. Айналасын тау қоршап тұр. Бұл -қаламыздың жүрегі. Көл стратегиялық нысан болып табылады. Оған шығуға рұқсат етілмеген. Бұл нысанды шекара сақшылары күзетеді. Біз сол күні достарымызбен бірге көлге бардық. Ол жерде адамдар көп жүр екен. Арасында сырғанап жатқандары да бар. Мен де сырғанайын деп шештім. Бірақ менің ролигімді көрген адамдар бірден әлеуметтік желіде талқыға сала бастады. Мына қызды отырғызу керек, 15 тәулікке жабу керек дегендер болды. Мені полицияға шақырды», - деді Ксения.null

Бойжеткен болашақта осындай видеоларды көптеп түсірмекші екенін айтты.

«Бірінші кезекте елімнің көркем жерлерін көрсеткім келді. Бізде ғажап жерлер өте көп. Жақында Медеуде осындай видео түсірдік», - деді К.Панкратова.null

Шоу қатысушылары, сарапшылар Ксенияға Қазақстанның туризмін дамытуға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен ұсыныс түсуі керектігін айтты.

Ксенияға Америкадан адамдар хат жазған. Олар Ксенияның перфомансын америкалық шоуда көрсетуге рұқсат сұраған.null

«Олардың парақшаларында күн сайын бұл шоуды 2 млн адам қарайды. Олар менің видеомды әлеуметтік желіге салмақ. Бұл ролик туризмді дамытуға ықпал етеді деп ойлаймын», - деді фигурист.

Айта кету керек, «вирусты бейнеролик» әлеуметтік желіде кең тарап кетті. Бұл бейнероликті 2 апта ішінде 1 миллион адам тамашалаған.null

Соңғы жаңалықтар