+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Үлкен Алматы айналма жолы қалай салынып жатыр

2021 жылғы 27 шілде 18:33
Бөлісіңіз:
Үлкен Алматы айналма жолы қалай салынып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгінде Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының құрылысы қызу жүріп жатыр. 2019 жылы басталған жоба жоспар бойынша 2024 жылы пайдалануға берілуі тиіс. «Орталық-Оңтүстік» дәлізі жобасы аясында салынып жатқан аталған жол құрылысының салыну барысымен «БАКАД Инвестициялар мен операциялар» ЖШС директоры Айман Жанұзақова таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Айналма жолдың ұзындығы 66 шақырымды құрайды. Оның құрылысы 2019 жылы басталып, қазір қызу жұмыс жүріп жатыр. 66 шақырым автомобиль жолының 13 шақырымы 4 жолақты, қалғаны 6 жолақты болады. Тасжол 1 дәрежелі болмақ және онда сағатына 150 шақырым жылдамдықпен жүруге болады. Жалпы бұл жерде 8 бағыт бойынша айналма жол бір-бірімен байланысады және ол өзара 38 көпірді жалғайды. Келісімшарт пен жобаның жоспарына сәйкес, біз 2024 жылы аяқтауымыз керек, дегенмен жұмысты ерте бастағандықтан негізгі жұмыстарды уақытанан бұрын 2022 жылы аяқтап, 2023 жылы пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Және жол ақылы болады», - деді Айман Жанұзақова.

Оның айтуынша, аталған компания Үлкен Алматы автомобиль жолының сапасы мен күтіміне 16 жыл бойы жауапты болады.

Өз кезегінде «QazAvtoJol» ұлттық компаниясы АҚ Алматы облыстық филиалының директорының міндетін атқарушы Болатбек Айтбаев ҮАААЖ мемлекеттік маңызды жоба екенін және құрылыс барысымен Үкімет басшысының өзі келіп танысқанын айтты.

«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (ҮАААЖ) біріншіден, көлік кептелісі мәселесін азайтады, екіншіден қаланың басқа өңірлермен қарым-қатынасы үшін маңызды. Айналма жол Алматы қаласымен қатар, облыстың Қарасай, Іле және Талғар аудандарын байланыстырады. Жобаны уақытынан бұрын аяқтап, 2023 жылы халық игілігіне береміз деп көздеп отырмыз», - дейді Б. Айтбаев.

Өңірлік «QazAvtoJol» басшысының сөзіне сенсек, бүгінде Алматы облысында 725 мың шақырым жол салынып немесе күрделі жөндеу жасалып жатыр. Және өңірдегі көлік жолының 80 пайызы қанағаттанарлық деңгейде.


«Халық тарапынан көбінесе Талдықорған, Өскеменге апаратын автомобиль жолдарының нашарлығына қатысты наразылықтар келіп түсіп жатады. Себебі аталған аймақтарда жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр яғни айналма жол көп кездеседі. Осы орайда жолаушыларға кедергінің уақытша екенін, жол құрылысы біткен соң, олқылықтардың жойылатынын айта кеткім келеді», - дейді ол.

Бұған дейін Б. Айтбаев «Алтын орда» базары маңындағы жолдың қашан пайдалануға берілетінін айтқан еді.

Одан бөлек, филиал басшысы Шамалғанда теміржол көпірі салынып жатқанынан хабардар етті.

Айта кетейік, «QazAvtoJol» ұлттық компаниясы АҚ «Орталық-Оңтүстік» бағытындағы Нұр-Сұлтан – Қарағанды – Балқаш - Приозерск – Бурылбайтал - Шу – Алматы аймақтарындағы жолдардың салыну барысын таныстырып, көрсету мақсатында баспасөз турын ұйымдастырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT