Үлкен Алматы айналма жолы 2023 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беріледі

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы осы жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беріледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айтуынша, ұзындығы 66 шақырымға созылған үш жолақты I-А санатты жол, қарама-қарсы бағытта да солай қарастырылған. Жалпы саны алты жолақ болатын ақылы автомобиль трассасында сағатына 120 шақырыммен жүруге рұқсат етілген.
«ҮАААЖ-ында ақы алудың ашық жүйесі қарастырылған. Яғни, бұл жүйе айналма жолда шығар кезде және кіреберісінде шлагбаум қоюды қажет етпейді» , - деді ол.
Сондай-ақ ол жобаның қолайлығы мен артықшылықтарына да тоқталды.
«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы негізгі магистралдарды босату және жол желісінің өткізу қабілетін жақсарту арқылы Алматы қаласындағы көлік ағынын қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде кептелістерді азайтып, жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары үшін көлік қолжетімділігін жақсартады»,- деді спикер.
«БАКАД Инвестиции и Операции» ЖШС-нің пайдалану және техникалық қызмет көрсету бөлімінің басшысы Нұрланбек Өмірбаев ҮАААЖ құрылысы барысында жоғары сапалы жабынға қол жеткізу үшін асфальтобетон төсеудің заманауи технологиялары мен әдістері қолданылатынын атап өтті.
«Жол құрылысына жоғарғы сапалы материалдар мен жүк көліктерінің салмағын еш қиындықсыз көтере алатын асфальт жабындылары қолданылды. Бұл автомобильдердің тозуын азайтуға және оларды оңай басқаруына көмектеседі», - деді Нұрланбек Өмірбаев.
Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы 2023 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беріледі.


Соңғы жаңалықтар