Үлкен Алматы айналма автожолы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралінің бөлігі болады - Нұрсұлтан Назарбаев

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Алматыны дамыту - басты тапсырмалардың бірі» екенін айтты. Бұл туралы ол Алматының 1000 жылдығына арналған салтанатты шарада мәлім етті.

«Алматыға қамқорлық - басты тапсырмалардың бірі. Мен әрқашан қаланың құрылуын өз бақылуымда ұстап келемін », - деді ҚР Президенті.

 «Алматы арена» мұз сарайында өтіп жатқан салтанатты шарада Елбасы  Үлкен Алматы айналма жолы құрылысы туралы айтып берді.

«2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Үлкен Алматы айналма автожолының құрылысы басталады. Біріншіден, қалаға көлік аз кіреді, екіншіден, Қытайдан Батыс Еуропаға Алматы арқылы қатынау үшін транзиттік орынға айналады. Бұл Алматының дамуына орасан зор үлес қосады. Меніңше, ол «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралінің бөлігі болады. Менің тапсырмаммен «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы құрылып, дамытылуда.  Инновациялық технологиялар -  бұл еліміздің болашағы» , -деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін Алматыда өтіп жатқан «Алматының шыңы» салтанатты шарасы сағат 21-00-де Apple Fire от шашуымен аяқталады. От шашу биыл Алматының бірден үш жерінде: Көктөбе, «Астана алаңы», «Алматы арена» мұз сарайында болады. 

Соңғы жаңалықтар