Үлкен Алматы айналма автомобиль жолында құрылыс қарқыны қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮАААЖ) салу жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта министрлік жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі аясында жалпы 32 жоба іске асырылу және пысықталу сатысында, оның ішінде 10 жоба республикалық, 22 жоба өңірлік деңгейде», - деп тоқталды министр.

Оның сөзіне қарағанда, «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮАААЖ) салу және пайдалану» жобасы бойынша Концессионер мобилизациялық жұмыстарды аяқтап, құрылыс монтаждау жұмыстарына кірісті. Жол қозғалысы 2021 жылы ашылатын болады. Осы жолдағы күтілетін трафик тәулігіне отыз сегіз мың автомобильге жетеді.

Бұдан бөлек, «Алматы - Қорғас» (Батыс Еуропа - Батыс Қытай) автомобиль жолы учаскесінде «Нұр жолы» автомобиль өткізу пунктін салу және пайдалану» жобасы бойынша нысан 2018 жылғы 22 маусымда пайдалануға берілді. Концессионер тарапынан келісімшарт бойынша алынған міндеттемелер толық көлемде орындалуда. Бүгінгі күні автокөлік құралдарын тексеру уақыты 4 есеге қысқарды. Жүк тасымалдаушылар бойынша тәуліктік трафик екі жүз автомобильді құрады.

Р.Скляр «Түркістан облысының жүрдек автомобиль жолдарын салу және пайдалану» концессиялық жобасына тоқтала келе: «Жоба аясында Шымкент және Сарыағаш қалалары айналма жолдарының құрылысы (150 км) мен жалпы қашықтығы 265 шарқырым жолды пайдалануға беру көзделуде. Биыл маусым айында жобаны Республикалық бюджеттік комиссия отырысына шығарып, конкурс жариялау жоспарланған», - деді.

Соңғы жаңалықтар