Үлгілі әке болуға көмектесер кеңес жинақталған кітап жарыққа шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі мен отбасылық-демографиялық саясат бойынша ұлттық комиссияның бастамасымен және БҰҰ халық қорының қолдауымен «Қалайша ойлы жар әрі әке болу керек?» тақырыбындағы кеңестерден жинақталған туынды таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кітапты бірнеше автор жазып шыққан. Атап айтқанда, заң ғылымдарының кандидаты, құқықтану ғылымының доценті Мира Жасқайрат, психология ғылымдарының кандидаты, доцент Майра Қабақова, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі Юлия Лысенкова, дәрігер, заң бакалавры Серік Тәңірбергенов, медицина ғылымдарының докторы, профессор Гаухар Әбуова, әлеуметтік өзара әрекеттестік бойынша сарапшы, тұлғаны дамыту саласындағы психолог Ербол Исмаилов, психология магистрі, тұлғаны дамыту саласындағы сарапшы Ерлан Мұстафин, сертификатталған бизнес-жаттықтырушы Қайсар Мақанның атсалысуымен осындай кітап жарыққа шығып отыр.

Авторлардың айтуынша, бұл жинақ әкелікке аяқ басқан ер адамдарға арналады.

«Кітапты шығару барысында біз әке болудың табиғатын зерттедік. Психология саласына, оның ішінде ер адамдардың әкелікке дайындығы, ата-аналардың құқықтық қарым-қатынасын реттеуіне ерекше мән бердік», - дейді авторлар.

Яғни кітапты шығарудағы басты мақсат – әкелерді кеңеспен қолдау болып отыр.

«Ер адамдардың әке болу алдындағы жауапкершілігі орасан зор ресурс беретінін түсіну керек. Әке болған азаматтың өз-өзіне деген сенімі нығая түседі», - делінген кітаптың кіріспесінде.

Әкелер жайлы кітаппен мына сілтемеде танысуға болады.



Соңғы жаңалықтар