Үлестік тұрғын үй салатын компаниялардың рейтингін енгізу ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықтың қаражатын тартуға құқылы құрылыс компанияларының рейтингін енгізу қажет. Бұл туралы бүгін тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдері қаралған Үкімет отырысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жосықсыз құрылыс салушылардың үлестік тұрғын үй құрылысы саласындағы заңнаманы бұзуы жеке проблема болып табылады. Өткен 2 жылда осындай 123 компания анықталды. Қаржылық тұрақсыз компаниялар сапалы және арзан тұрғын үйге уәде бере отырып, әртүрлі кооперативтер, одақтар, жарналар арқылы халықтың салымдарын ашық түрде тартады. Сонымен қатар, бұл жағдайда құрылыстың аяқталуына ешкім кепілдік бермейді. Қолданыстағы екі тәсілді ғана сақтау ұсынылады: кепілдік беру тетігі және ЕДБ арқылы жобалық қаржыландыру», - деді холдинг басшысы.
Бұл ретте ол халықтың қаражатын тартуға құқылы құрылыс компанияларының қарапайым және барлығына түсінікті рейтингін енгізу қажеттігін айтады.
«Принцип келесідей - қаржылық тұрғыдан орнықты компаниялар үшін кепілдендірудің қолданыстағы тетігі сақталады. Рейтингі төмен компаниялар үшін Бірыңғай оператор белгіленген бағалар бойынша халықтан үлестік салымдарды тікелей тартатын және арнайы эскроу-шоттағы қаражаттың сақталуын қамтамасыз ететін болады. Өз кезегінде коммерциялық банктер халыққа салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға қосымша кепілсіз ипотека бере алады», - деді Айдар Әріпханов.
- Салғырт құрылысшылармен келісімді үземіз - елорда әкімі
- S&P Қазақстан экономикасының рейтингін «тұрақты» болады деп болжады
- Жамбылдықтар биыл тағы асарлатып 100-ден астам үй салуды жоспарлап отыр
- Тараздық 135 отбасы қоныс тойын тойлады
-
Қазақстан мен Өзбекстан медицина саласында ынтымақтастықты нығайтады
-
Үкіметте «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штабтың отырысы өтті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам