Үлескерлердің ақшалай қаражатын ұрлағаны үшін шетел азаматын қылмыстық жауаптылыққа тарту фактісі бар

None
None
АСТАНА. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Үлескерлердің ақшалай қаражатын ұрлағаны үшін шетел азаматын да қылмыстық жауапқа тарту фактісі бар.

 Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарайды  ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, Алматы қаласында «Ақ Жайық ЛТД» ЖШС басшысы Түркия азаматы Мұстафа Курмазға сот санкциясымен іздеу жарияланды. Ол үлескерлердің 103 млн. теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын ұрлаған. Осы орайда 87 млн. теңгенің мүлкіне тыйым салынып отыр.

Сонымен қатар ресми өкіл, Қаржы полициясы органдарының статистикасы көрсеткендей, үлескерлер құрылысы проблемалары негізінен Астана мен Алматы қалаларында орын алып отырғанын айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар