Үлескерлер қаржыландырған әрбір екінші пәтер жасырын схемалар бойынша сатылады – Жұманғарин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үлескерлер қаржыландырған әрбір екінші пәтер жасырын схемалар бойынша сатылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрылыс кезінде, үлескерлердің қаражатын тартуға үш тәсілдің бірімен рұқсат етіледі: Бірінші - қазақстандық тұрғын үй компаниясы бірыңғай оператор кепілдігінің болуы. Екінші – екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысу тәсілі кезінде әкімдік рұқсаты. Үшінші - каркас тұрғызылғаннан кейін әкімдік рұқсаты. Құрылысты бірінші тәсілмен ұйымдастыру кезінде бір құрылыс салушыға Бірыңғай оператордың кепілдік лимиті 50 млрд теңгеден аспайды. Ал ірі құрылыс салушылардың бірінің құрылыс көлемі шамамен 250 млрд теңгені құрайды. Бұл көзделген лимиттен 5 есе артық. Екінші деңгейдегі банктермен несиелендіру бойынша екінші тәсіл каркас тұрғызылғаннан кейін ғана жұмыс істейді Бұл құрылыс салушылардың өз қаражаты есебінен құрылыстың 30 пайызын құрайды. Осылайша, агенттіктің талдау деректері бойынша, 2021 жылы жеке құрылыс ұйымдары салған 7,5 млн шаршы метр тұрғын үйдің 27 пайызы өз қаражаты есебінен және 26 пайызы заңнамада көзделген рұқсаттарды алғаннан кейін салынған», - деді ол.

Оның дерегінше, тұрғын үйдің қалған 47 пайызы брондау, резервтеу және тағы басқа шарттар бойынша салынған.

«Осылайша үлескерлер қаржыландырған әрбір екінші пәтер жасырын схемалар бойынша сатылады. Бұл ретте тексеру парақтарының болмауына байланысты үлескерлердің қаражатын әкімдіктердің рұқсатсынсыз жаппай тарту, жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті бақылаусыз қалып отыр. Президенттің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған зейнетақы төлемдерін пайдалану бағдарламасы үлестік тұрғын үй құрылысының үлкен көлеңкелі айналымы бар монополияланған нарығы дайын емес екенін көрсетті. Сонымен 2,5 трлн зейнетақы қаражатының 68 пайызы азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікті тұрғын үй сатып алуға, ал 4 пайыздан төмені үлестік құрылыс келісімшарты бойынша тұрғын үй сатып алуға бағытталған», - деді Серік Жұманғарин


Соңғы жаңалықтар