+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

«Ұлболсын» фильмі Таллинде өткен кинофестивальде жүлдегер атанды

2020 жылғы 29 қараша 14:43
Бөлісіңіз:
«Ұлболсын» фильмі Таллинде өткен кинофестивальде жүлдегер атанды

ТАЛЛИН. ҚазАқпарат - Қазақстандық фильм Эстонияда өткен «Қараңғы түндер» кинофестивалінде жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында фильмнің режиссері Әділхан Ержанов Instagram парақшасында мәлім етті.

«Бірнеше күн бұрын Таллинде өткен «Қараңғы түндер» кинофестивалінде біздің «Ұлболсын» атты фильміміздің әлемдік премьерасы өтті. Ал кеше фестивальдің жабылу салтанатында ол «Үздік азиялық фильм» аталымында жеңімпаз атанды» деп жазады Әділхан Ержанов.

«Ұлболсын» фильмі жайлы ақпарат кинофестивальдің Twitter парақшасында да жарияланды.

Айта кетейік, картинаның басты кейіпкері - қалада тұратын Ұлболсын. Оның сіңлісі Ажар Қаратас ауылындағы мектепті енді ғана бітірді.

Ұлболсын сүйікті сіңлісінің болашағын жоспарлап қойған. Ол Ажарды беделді шетелдік университетке түсіру үшін жеткілікті ақша жинады, бұл қыздың болашақтағы мансабына және еркін және тәуелсіз болуына мүмкіндік береді.

Алайда ол Қаратасқа келгенде қызды жергілікті емші, халық арасында өте беделді кісі Үрген тоқалдыққа алу үшін алып қашып кетеді. Ұлболсын бұған көндігуге болмайтынын түсініп, Қаратастың патриархалды әлемімен күресуге бел буады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT