Уланып өлген студентке байланысты ҚазҰУ түсініктеме берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің баспасөз қызметі оқу орнында болған қайғылы оқиғаға байланысты ҚазАқпарат тілшісіне түсініктеме берді.

Оқыс оқиға кеше кешкі сағат 20-00 шамасында жатақханада болған.

«Механикалық-математикалық факультетке түскен 1-курс студенті грант бойынша білім алып жатқан. Жатақханада тұратын. Күндіз студенттер ректордың есебін тыңдады. Кешке жатақханада болған. Бұл оқиға кешкі 20-00 шамасында болды. 1-курс студенттерінің бірі досының жағдайы ушығып кеткенін комендантқа  хабарлаған. Жедел жәрдем келіп үлгергенше қайғылы жағдай орын алды. Дәрігерлер алдын ала уланудан көз жұмды деген қорытынды шығарды», - деді баспасөз қызметінен.

Оның айтуынша,  көз жұмған жігіт туралы ақпарат өте мардымсыз.

«Бұл балалар қыркүйекте ғана оқуға түсіп, жақында ғана бөлме алған. Марқұм Павлодар облысынан көп балалы отбасынан шыққан»,- деді оқу орнынан.

ҚазҰУ қайғы жамылған отбасыға материалдық көмек көрсетуге дайын.

Жас студенттің өлімінің жай-жапсарымен қазір полиция айналысып жатыр.

«Оның қасында 17 жастағы досы болған. Полиция ол баланы қазір алып кетті», - деді баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар