Уланған «Алматы су» қызметкерінің бірі жасанды тыныс алу аппаратынан шығарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда кәріз құдығына түсіп газға уланған «Алматы су» қызметкерлерінің бірі өздігінен тыныс ала бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, түскен кезде екеуіне де ауыр дәрежелі күкіртсутекті жұтып уланған, орталық жүйке жүйесінің зақымдануына байланысты уытты энцефалопатия диагнозы қойылған.

Зардап шеккен екі адам да комада жатты.

Қазір 25 жастағы жігіт жасанды тыныс алу аппаратынан алынып, өз бетінше тыныс ала бастады. Пациенттің жай күйінің жақсарғаны байқалады.

Ал 42 жастағы адам өте ауыр халде жатыр. Ол әзірге жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда Наурызбай аудандық ХҚКО қызметкері Ержан Әбдіразақов кәріз құдығында газға тұншығып қалған екі жігітті аман алып шыққан болатын.

Кәсіпорын бұл оқиғаға байланысты түсінік берді.

«1 маусымда «Алматы су» кәсіпорнының өтім қызметінің қызметкерлері коммерциялық ұйымдардың су есептеу құралын тексермек болған. Қызметкерлер қателесіп судың емес, кәріз жүйесінің қақпағын ашып қараған. Соның кесірінен газбен уланған. Қазір кәсіпорында қызметтік тексеру жүріп жатыр. Негізінде «Алматы су» қызметкерлері есептеу құралдарының көрсеткішін тіркеумен ғана айналысуы тиіс. Құдықтарға түсу мүлде олардың міндетіне кірмейді», - деді «Алматы су» МКК.



Соңғы жаңалықтар