Ұланбатырда түркі-моңғол эпостары салыстырылады

None
None
ҰЛАНБАТЫР. ҚазАқпарат - «Жанғар зерттеуі» ғылым және ғылыми-өндірістік бірлестігі академиясы Моңғол әдебиеті және тілі институтымен бірлесіп, 21-23 қыркүйекте «Әлем халықтарының эпосы және Жанғар» халықаралық симпозиумын ұйымдастырады, деп хабарлайды «Монцамэ» ақпарат агенттігі. 

Әлемнің барлық жыршы-термешілері халықтардың эпостық шығармашылығындағы өзекті мәселелерді шешу жолдары мен перспективаларын анықтау, жас зерттеушілерді дамыту және эпостарды салыстырмалы зерттеуді кеңейту, сондай-ақ «Жанғар» эпосын тереңінен зерттеу мақсатында Ұланбатырда жиналмақ.
Симпозиум барысында қазіргі заман эпостары, эпостың сақталуы, жыр орындаудың қазіргі күйі, эпостық шығармашылық, Моңғолия эпосы және олардың өзара қарым-қатынасы, көшпенділік өркениеті, этнос және эпос, моңғол және түркі эпосының салыстырмалы зерттеуі, эпостарды аудару және тарату тақырыптары бойынша талқылаулар өтеді.
Симпозиум аясында «Эпостар көзі» жыршылар фестивалі мен ұзақмерзімді халықаралық жобасын жүзеге асыруды талқылау бойынша «Жанғар эпосы мен инновация» тақырыбында секциялық отырыс өтеді.

Соңғы жаңалықтар