Ұланбатырда Моңғолия Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Зайсановты еске алды

None
None
ҰЛАНБАТЫР. ҚазАқпарат - 7 мамырда Отан қорғаушылар мерекесі және Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс қарсаңында Моңғолиядағы Қазақстан елшілігінің дипломаттары Моңғолияның авиация генерал-майоры, ұлты қазақ Мүдәріс Зайсановты еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Атақты ұшқыштың зиратына Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі Қалыбек Қобыландин, Моңғолияның танымал жазушысы, қоғам қайраткері Сұлтан Тәукей, Моңғолияның мүфтиі Батырбек Қадыс, «Жерлестер» қазақ қоғамының төрағасы Тілеухан Нәжікей, Mongolian Airlines компаниясының ұшқышы, экипаж командирі Әуез Таштуан және басқа да қоғам қайраткерлері барып тағзым етті.

Мүдәріс Зайсанов (Хамзе Ерзінұлы - бұрынғы деректерде аты-жөні осылай жазылып келген)1910 жылы Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында дүниеге келген. 1920-шы жылдары тағдыр тәлкегімен Моңғолияға қоныс аударған. 1932 жылы Орынбордың ұшқыштар училищесін бітіреді. 1939 жылы жапон басқыншыларына қарсы күресіп, ерлік көрсетеді.

1942 жылы М.Зайсанов Моңғолияның әскери әуе күштерінің қолбасшысы болып тағайындалады. 1943-1944 жылдары Қытайдың Гоминдан әскерлеріне қарсы шайқасқа қатысады. 1944 сәуір айында М.Зайсановқа авиация генерал-майоры шені берілді. Ол моңғол және совет ордендері мен медальдарымен марапатталған. 1967 жылы М.Зайсанов ауыр сырқаттан көз жұмады. Ол Ұланбатыр қаласында жерленген.


Авторы Садық Әкижанов

Соңғы жаңалықтар