Ұлан Төлеғазыұлы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайда туып өскен қазақ боксшы Ұлан Төлеғазыұлы (8-3-1,4КО) кәсіпқой бокста әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытайлық sohu.com спорт порталының хабарлауынша, Ұлан Төлеғазыұлы Қытайдың Хунань провинциясы Чанша қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде, жеңіліп көрмеген филиппиндік боксшы Жаил Раквинэлмен (10-0-1,7КО) 12 раунд жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Сондай-ақ, қандасымыз ең жеңіл салмақта (50.8кг) WBC күміс белдігінің (World Boxing Council Silver Flyweight Title) иегері атанып отыр.

null Айта кетейік, жекпе-жектен кейін Ұлан Төлеғазыұлы BoxRec порталындағы әлемдік реитингіде өз салмағында 16-орынға көтерілді.

Соңғы жаңалықтар