«Ұлан» газетінің бас редакторы Сұлтан Қалиұлы қайтыс болды

None
None
    АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі жазушы, «Ұлан» газетінің бас редакторы Сұлтан Қалиұлы қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сұлтан Қалиұлының қайтыс болуына байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрі  Арыстанбек Мұхамедиұлы жазушының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

«Қай кезде де әдебиет пен өнер керуенінің басында болып, ұлт мәдениетінің көшін түзетуге атсалысқан адамдар болады. Еңбек жолын Жамбыл ауданы орта мектептің мұғалімдігінен бастап, Қазақ радиосының музыка, балалар редакцияларында аға редакторы, республикалық «Балдырған» журналында жауапты хатшы, «Ұлан» газетінің бас редакторы болып қызмет атқарған. «Сыныққа сылтау», «Өлеңдер», «Дүрбі», «Қасиетті тақия», «Сәлем саған, мектебім», «Кішкентай астрономдар», «Теміртесер», «Бақыт деген не?», «Мен мектепке барамын», «Әйт, шу, тұлпарым» және т.б. көптеген жинақтары шықты. Балалар поэзиясы, сатира жанрында еңбек еткен Сұлтан Қалиұлы сондай тұлғалардың бірі болатын. Сұлтан ағамыз қазақ әдебиеті мен өнерін дамыту жолында бар күш-қайратын сарп етті. Ұлттың рухани болмысы мен санасын терең ойлы шығармалары арқылы қалыптастыра білді. Қазақ өнерін республика көлемінде ғана емес, алыс-жақын шетелдерде кеңінен насихаттады. Тәрбиесі мен бай тәжірибесі өнегелі өмір жолынан анық көрінді. Ол өмірінің соңғы минутына дейін қазақ өнері мен мәдениетінің бағыт-бағдарына жанашыр болып өтті. Қай кезде де алған биігі мен xалқы көрсеткен құрметке лайық болуды мақсат еткен жан еді. Сұлтан Қалиұлының жарқын бейнесі барша қазақстандықтардың жүрегінде әрдайым сақталады», - делінген министрдің көңіл айту хатында.

Фото:vk.com/Султан КАЛИУЛЫ 

Соңғы жаңалықтар