Ұлан Әліпов «ҚазАвтоЖол» басшысы болып тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлан Әліпов «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұған дейін компанияны Ермек Қизатов басқарған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы міндетін атқарушы болып Ұлан Әліпов тағайындалды», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Ұлан Әліпов 2013-2014 жылдары «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған болатын.

Айта кетсек, «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы 2013 жылдың 1 ақпанында еншілес мемлекеттік «Қазақавтожол-Көкшетау» мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық құқықта басқарудағы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Республикалық мемлекеттік кәсіпорынын қайта құру жолымен Үкімет қаулысына сәйкес құрылған еді. 2013 жылдың 30 шілдесіндегі Үкімет қаулысына сәйкес АҚ автомобиль жолдарын басқару жөніндегі Ұлттық оператор болып анықталып, ұлттық компания деген дәрежеге ие болды.

Соңғы жаңалықтар