07.06.2023 14:09 Руслан Жақсылықов: Қазақстан әскері ҰҚШҰ аясында Ресей мен Украина шекарасына бармайды АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстанның Қарулы күштері Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің аумағына бармайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.05.2023 17:17 БҰҰ операцияларында ҰҚШҰ бітімгерлер күштерін қолдану тәртібі белгіленбек АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік қызметі жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу бойынша хаттаманы ратификациялау туралы» Заң қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.05.2023 14:51 Мәжіліс ҰҚШҰ аясында құқықтық көмек көрсетуге қатысты құжатты қабылдады АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің аумағында ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының уақытша болуына байланысты істер бойынша құқықтық көмек көрсету және юрисдикция мәселелері жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.05.2023 12:18 Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы құжатында «үйлестіруші мемлекет» ұғымы пайда болады АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы құжатында (ҰҚШҰ) «үйлестіруші мемлекет» деген ұғым пайда болады. Ол мемлекет ұйым атынан бітімгершілік миссияларға қатысуға және ұйымдастыруға жауапты болады.
18.05.2023 17:34 Қошанов ҰҚШҰ ПА-ны Қазақстанның Биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру бастамасын қолдауға шақырды АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған делегация Минскіде өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің кезекті отырысына қатысты. ҚазАқпарат бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
28.04.2023 21:30 ҰҚШҰ біріккен штабы 20 жылдық мерейтойын атап өтті АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәскеудегі Халықаралық әскери орталықта Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Біріккен штабының 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.04.2023 14:43 Президент ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
01.04.2023 11:47 ҰҚШҰ-ға мүше елдерде биыл кешенді оқу-жаттығулар өтеді МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Біріккен штабында 2023 жылы Ұйым әскерлерінің (Ұжымдық күштердің) бірлескен оқу-жаттығуларын ұйымдастыру және өткізу бойынша алғашқы келіссөздер өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі Біріккен штабтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10.03.2023 19:27 ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Қырғызстанға келді БІШКЕК. ҚазАқпарат - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Қырғызстан Республикасының жоғары саяси және әскери басшылығымен кездесу үшін Бішкек қаласына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.01.2023 19:14 Иманғали Тасмағамбетовтің қатысуымен ҰҚШҰ-ның биылғы алғашқы отырысы өтті МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Сейсенбі күні Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Тұрақты кеңесінің отырысы барысында ұйымның жаңа бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов ресми түрде таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.01.2023 15:43 Арменияда 2023 жылы ҰҚШҰ оқу-жаттығулары өтпейді – премьер Пашинян ЕРЕВАН. АРМЕНИЯ-ЖАҢАЛЫҚТАРЫ. ҚазАқпарат – Армения ҰҚШҰ оқу-жаттығуларын биылғы жылы өз аумағында өткізуді қолайсыз деп санайды. Бұл туралы аталған елдің премьер-министрі Никол Пашинян мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Армения-Жаңалықтары агенттігіне сілтеме жасап.
01.01.2023 23:49 Иманғали Тасмағамбетов бүгіннен бастап жаңа қызметке кірісті АСТАНА. ҚазАқпарат – 1 қаңтардан бастап Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы лауазымына кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұйымның сайтына сілтеме жасап.
19.12.2022 19:12 Келесі жылы Беларусьте ҰҚШҰ-ның бірлескен жаттығулары өтеді АСТАНА. ҚазАқпарат – Бітімгершілік күштердің қазіргі контингенті кез келген қауіп-қатерге қарсы тұра алады. Бұл пікірді Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Станислав Зась айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.12.2022 18:07 Ерлан Қошанов ҰҚШҰ-ға терроризмге қарсы күресті заңмен күшейтуді ұсынды АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстанның парламенттік делегациясы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік Ассамблеясының кезекті отырысына қатысу үшін Мәскеуге жұмыс сапарымен барды.
24.11.2022 19:00 Тасмағамбетовтің жаңа қызметі, Тоқаевтың Бейбітшілік формуласы - ҰҚШҰ саммиті несімен есте қалды ЕРЕВАН. ҚазАқпарат - 23 қараша күні Арменияның Ереван қаласында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы өтті. Армения Премьер-Министрі Никол Пашинянның төрағалығымен өткен саммитке ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен біргеБеларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысты.
24.11.2022 14:10 Тізгінді сауатты саясаткер ұстауы керек болды - сарапшы Тасмағамбетовтің жаңа лауазымы туралы АСТАНА. ҚазАқпарат – Саясаттанушы Марат Шибұтов Иманғали Тасмағамбетовтің Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бас хатшылығына тағайындалуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.11.2022 23:25 Президенттің Ереванға жұмыс сапарынан видео жарияланды ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ереванға жұмыс сапарының видеосы жарияланды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
23.11.2022 22:39 Қазақстан Президенті Украина төңірегіндегі жанжалға қатысты пікір білдірді АСТАНА. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында Украина төңірегіндегі жанжалды шешудің бейбіт жолдарын іздеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ №1 Телеграм-арнасына сілтеме жасап.
23.11.2022 20:53 ҰҚШҰ: қорытынды кездесу күрделі геосаяси қайшылықтар жағдайында өтіп жатыр - Қазақстан Президенті АСТАНА. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ №1 Телеграм-арнасына сілтеме жасап.
23.11.2022 19:30 Иманғали Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалды АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы лауазымына Иманғали Тасмағамбетов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.