+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды

2018 жылғы 8 қараша 17:25
Бөлісіңіз:
ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды. Сессия жұмысына аталған ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан отырысқа Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Президенті Сооронбай Жээнбеков, Тәжістан Президенті Эмомали Рахмон және Армения Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян қатысып отыр.

Мемлекет басшылары шағын құрамдағы отырысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің бірқатар өзекті мәселесін талқыламақ. Ал күнтәртібіндегі өзге де өзекті мәселелер қаралатын жалпы отырысқа ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер, Қорғаныс министрлері, қауіпсіздік Кеңестерінің хатшылары және ұйым бас хатшысының міндетін атқарушы Валерий Семериков қатыспақ.

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясы барысында РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Юрий Борисовты ҰҚШҰ Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының төрағасы қызметіне тағайындау мәселесі де қаралады.

Айта кетерлігі, қазіргі уақытта бұл ұйымға Қазақстан төрағалық етеді. Ал 2018-2019 жылдары төрағалық ету мәртебесі Қырғыз Республикасына беріледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT