ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерінің 2 500 әскері Алматыға келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерінің 2 500 әскері Алматыға келді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бас хатшысы Станислав Засьтің ақпаратына сәйкес, әскердің жалпы саны 2 500 адамды құрайды. Олардың барлығы Алматыға келді. Әскерилер ҰҚШҰ-ның барлық елдерінен, атап айтқанда, Ресей, Армения, Тәжікстан, Қырғызстан және Беларусьтан жетті», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінде ұйымдастырылған брифинг барысында Шахрат Нұрышев.

Айта кетейік, ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің басты міндеті - маңызды мемлекеттік нысандарды қорғау, ҚР құқық қорғау органдарына жағдайды тұрақтандырып, заңның үстемдік етуін қамтамасыз етуге көмектесу.


Соңғы жаңалықтар