ҰҚШҰ ТЖ жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы Алматыда өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 қыркүйек күні Алматыда ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильиннің төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің Төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің 11-ші отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ ТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырысқа Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыс Республикасы және Ресей Федерациясы ТЖ министрліктерінің, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Тәжікстан Республикасы үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі комитетінің, сондай-ақ ҰҚШҰ хатшылығының басшылығы мен өкілдері қатысады.

Шараға халықаралық ұйымдар да, атап айтқанда, Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің Орталық Азиядағы өңірлік өкілдігі, Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің РФ, Беларусь және Молдовадағы өңірлік делегациясы, төтенше жағдайлар және апаттар салдарын азайту орталығы қатысады.

Отырыста халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері қаралып, олардың төтенше жағдайдан зардап шеккендерге көмек көрсетудегі әлеуетін арттыру, ТЖ бөлімшелерімен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларды өткізу мәселелері, т.б. талқыланады. 
Отырыс соңында Төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің қорытынды құжаттарына қол қойылады.

Соңғы жаңалықтар