+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

ҰҚШҰ отырысында өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды

2021 жылғы 15 қыркүйек 15:45
Бөлісіңіз:
ҰҚШҰ отырысында өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды

ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов Душанбе қаласында өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің бірлескен отырысына қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Германия концлагерінде қаза тапқан 927 қазақстандық жауынгердің жақындары іздестірілуде Әскери қызметшілердің лауазымдық еңбекақысы 60 пайызға жоғарылайды - Президент ҚР Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы «Отпантау-2021» әскери оқу-жаттығу жиынына барды

Оған қатысушылар ұйым қызметінің басым бағыттарын, ұжымдық қауіпсіздікке кіретін өңірлерде қалыптасып жатқан әскери-саяси ахуалды талқылады.

Бірлескен жауынгерлік даярлық шараларының маңызы ерекше аталды.

Еліміздің Қарулы Күштерінде 2022 жылға жедел ден қою ұжымдық күштерінің бірлескен оқу-жаттығуларын ұйымдастыру және оларды өткізу жөнінде жұмыс басталды. Бұл ретте жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің жаңа әдістері мен тәсілдері пысықталмақ. Соңғы кездегі қарулы қақтығыстар тәжірибесінен алынған сабақтар оқу-жаттығу сценарийлерінде ескерілуі тиіс.

Бірлескен отырыстың қорытындысында министрлер ұйымның қызметіне қатысты бірқатар құжаттарға қол қойды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT