+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

ҰҚШҰ оқу-жаттығуына қатысу үшін Қазақстанға шетелдік әскерлер келді

2018 жылғы 1 қазан 11:47
Бөлісіңіз:
ҰҚШҰ оқу-жаттығуына қатысу үшін Қазақстанға шетелдік әскерлер келді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанға Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің «Іздеу-2018» Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің оқу-жаттығуына қатысу үшін шетелдік әскерилер келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Десанттық-штурмдық әскердің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан аумағында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер Қарулы Күштері барлау бөлімшелерінің күш-құралдары өткізетін тактикалық-арнаулы жаттығуға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан барлаушылары қатысады.

Барлау қызметтері мен арнайы жасақтар қатысатын ҰҚШҰ-ның тактикалық-арнаулы жаттығуына барлау бөлімшелері мен бөлімдерінің жеке құрамынан үш мыңға жуық адам қатысады. Жаттығуға 500-ге жуық әскери технирка жұмылдырылады. Соның ішінде ресейлік екі Су-24МР барлау ұшағы, «Орлан-10» және «Форпост» ұшқышсыз басқарылатын аппараттар.

Оқу-жаттығудың салтанатты ашылу рәсімі 1 қазан күні «Гвардейский» полигонында өтеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT