ҰҚШҰ-ның бірлескен радиациялық, биологиялық қорғаныс бөлімшелерін құру мәселесі талқыланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының бастығы ҰҚШҰ Әскери комитетінің отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттерінің әскери ынтымақтастығын дамыту мәселелері бойынша Әскери комитеттің 18-ші отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов бастаған қазақстандық әскери делегация қатысты.

Отырысқа қатысушылар Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия аймақтарындағы әскери-саяси жағдайды, ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару және қалыптастыру органдарының бірлескен даярлық іс-шараларын, ҰҚШҰ дағдарысқа ден қою орталығының қызметін және бірлескен радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, медициналық қамтамасыз ету бөлімшелерін құруды талқылады.

Одан басқа, 2021 жылы Ұйымда төрағалық ету кезеңінде Тәжікстан Республикасының ұсынған әскери саладағы Ұйым қызметінің басымды бағыттары тыңдалды.


Соңғы жаңалықтар