ҰҚШҰ мемлекетаралық комиссиясын Ресей вице-премьері басқаруы мүмкін

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясын Ресейдің вице-премьері Юрий Борисов басқаруы мүмкін, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешіміне сәйкес, мемлекетаралық комиссияны ұйымдастыруға ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің вице-премьерлерінің бірі басшылық етеді. Соңғы үш жылда мемлекетаралық комиссияны РФ үкіметінің вице-премьері Дмитрий Рогозин басқарды. Оның уәкілетті мерзімі аяқталды. Сондықтан біз мемлекетаралық комиссияның жаңа төрағасын тағайындау туралы ұсынысты әзірледік, қазір мемлекеттердің үкіметтерімен келісу процедурасы жүріп жатыр», - деді ҰҚШҰ бас хатшысының төрағасы Валерий Семериков.

Оның сөзіне қарағанда, аталған лауазымға кандидатураны талқылау кезінде, осы мемлекетаралық комиссияны ресейлік вице-премьер басқаруын жалғастыру - мақсатқа сай делінген.

«Қазіргі кезде вице-премьер - Юрий Борисов. Сондықтан, оның кандидатурасы енгізілді, бірақ кез келген мемлекет өзінің кандидатурасын ұсынуы мүмкін», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар