ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері қандай мәселелерді талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырыстан кейін БАҚ өкілдеріне брифинг өткізген ҰҚШҰ бас хатшысы Юрий Хачатуровтың айтуынша, кеңеске қатысушылар 11 құжатты қарастырып, оның алтауы бойынша түбегейлі шешім қабылдаған.

«5 құжат алдағы уақытта ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің, яғни біздің елдеріміздің Президенттерінің бекітуі үшін ұсынылатын болады.  Мұндай мәселелердің - бірі ұйымның Біріккен штабының бастығын алдағы үш жылдық мерзімге тағайындау. Себебі 2018 жылдың қыркүйегінде қазіргі уақытта бұл лауазымдағы генерал-полковник Анатолий Сидоровтың мерзімі аяқталады. Кеңес отырысында біз бұл мәселені егжей-тегжейлі талқыладық. Барлық елдер тарапынан алдағы үш жылдық мерзімге тағы да генерал-полковник Анатолий Сидоровтың қалуы талқыланып, қолдауға ие болды. Бірақ бұл мәселегені президенттер шешеді. Ал біздің ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы қараша айында өтпек. Сондықтан да біз жұмыс тәртібімен бұл құжатқа қол қоямыз», - деді  Юрий Хачатуров.

Сонымен қатар оның айтуынша, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің қорғаныс ведомства басшылары Орталық Азия аймағындағы ұжымдық қауіпсіздікке қарсылықтар мен әскери қауіпсіздікке төнетін сын-тегеуріндерді талқылады.

Мұнан бөлек, отырыс барысында 2018 жылдың екінші жартысы мен 2019 жылдың бірінші жартысына ішкі саясат, қауіпсіздік пен қорғаныс мәселесі жөніндегі ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер өкілдерінің кеңесу жоспары мақұлданып, 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қарулы күштері үшін әскери кадрлардың бірліскен даярлығы жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыру шараларының жоспары қабылдаған.

Соңғы жаңалықтар